Заттыбек Көпбосынұлы әкесін сағынышпен еске алды (ВИДЕО)

Бүгін, 14:01 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен әкесіне арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz, sn.kz_media-ға сілтеме жасап.

Өнер иесінің әкесінің дүниеден өткеніне бір жыл толған. Осыған орай әнші әкесіне деген сағынышын жеткізіп, отбасының амандығын сұрап, жүрекжарды тілегін жазған.

Жазбада ол анасының, ағасы мен әпкесінің жағдайын жеткізуді өтініп, марқұм ата-анасының жәннатта қауышқанына үміт білдірген. Сондай-ақ анасының түсінде әкесін көргенін айтып, бұл оқиға өзіне ерекше әсер еткенін жеткізді.

«Әке, ол жақтағы хәліңіз жақсы ма? Анам, ағам мен әпкеме біздің жақсы екенімізді жеткіздіңіз бе? … Әке, кеткелі бір жылдың жүзі болыпты. Анам кеткелі 25 жыл. Мәңгілік өмірлеріңізге кеткеннен бері мәңгілік сағынышыма айналдыңыздар», - деп жазды әнші.

Заттыбек Көпбосынұлы жазбасының соңында бүгін қара шаңырақта ата-анасына арнап ас беріліп жатқанын айтып, олардың рухына дұға бағыштауды сұрады. Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, марқұм ата-анасына Алладан рақым тіледі.

Тэгтер:

#Танымал әнші #Заттыбек Көпбосынұлы #әсерлі жазба #жүрекжарды тілегін жазған #Әке