Фариза Ескермес орынсыз пікірге жауап берді (ВИДЕО)

Бүгін, 15:31 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал актриса Фариза Ескермес телебағдарламада өзіне бағытталған орынсыз пікірге қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz, news.qaz-ға сілтеме қалдыра отырып.

Бағдарлама барысында көрермендердің бірі:

«Мен де қазаққа тұрмысқа шығып, бақытсыз болдым. Бірақ халқымнан безген жоқпын», - деп пікір білдірген.

Оған жауап берген актриса бұл пікірмен өзін байланыстырудың орынсыз екенін жеткізді.

«Мен де халқымнан кетіп бара жатқан жоқпын. Ең алдымен, өзім бақытты болуым керек», - деді Фариза Ескермес.

Актрисаның бұл жауабы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік оның жеке өміріне қатысты шешімін түсіністікпен қабылдап, орынсыз сын айтудың қажеті жоқ екенін жазуда.

Тэгтер:

#Фариза Ескермес #Танымал актриса