Семейде ескі стадионнан адам сүйектері табылды (ВИДЕО)

Бүгін, 11:49 / Альфия Адамбек
Фото: Видеодан кадр

Семей қаласында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтан адам сүйектеріне ұқсас қалдықтар табылды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі болғандай, оқиға бұрынғы “Пищевик” стадионының орнында тіркелген. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Адамдар сүйектерді видеоға түсіріп алған. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, табылған сүйек қалдықтарын тәркілеген. Олар адамның сүйегі екендігін, сондай-ақ олардың қанша уақыт бұрын жерленгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жолданды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана сүйектердің шығу тегі мен жерлену мерзімі белгілі болады.

Құқық қорғау органдары мұндай жағдайға тап болған азаматтарды өз бетінше әрекет етпеуге және дереу полицияға хабарлауға шақырды.

Тэгтер:

құрылыс адам сүйек