«Мынау мүлде басқа шыққан»: асаба Сабыржан тағы да даудың ортасында қалды

Бүгін, 12:43 / Алуа Әшірбекова
Сурет:скриншот

Әлеуметтік желілерде танымал асаба Сабыржанның тойдағы видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда асабаның жас жұбайлардың үстеліне отырып, электронды темекі (вейп) шегіп отырғаны көрінеді. Видеодағы оқиғаның нақты қай жерде және қашан түсірілгені әзірге белгісіз.

Желі қолданушылары бұл әрекетке қатысты екіге жарылды. Бірі асабаның қылығы жас жұбайлардың ең маңызды күнінің сәнін кетірді деп есептесе, енді бірі мұны жай ғана шоу элементі әрі асабаның стилі деп бағалаған.

Пікірлер арасында: «Мынау мүлде басқа шықты ғой, жастардың есте қалар күнін быт-шытын шығарған», «Асаба шектен шығып кеткен» деген сыни пікірлер жиі жазылуда.

Айта кетейік, бұл Сабыржанның әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін де өзін «халал асабамын» деп таныстырған асаба той үстіндегі ерекше стилі мен жүргізу мәнеріне байланысты көпшіліктің назарын аударған еді.

Тэгтер:

#халал асаба #Сабыржан #Асаба #Басқа шықты