Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Бүгін, 14:59 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын айтып, оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz, sn.kz_media-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі Шымкент қаласына туған бауырының кенже қызының құдалығына барғанын жеткізді.

«Құдалығымыз, туған бауырымның кенже қызы Шымкентке келін болды», - деп жазды әнші.

Мақпал Жүнісова құдалықтан фото және видеолар жариялап, қуанышты сәттерді көрсетті.

Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, пікір қалдырды.

«Жастар бақытты болсын!», «Құтты болсын!», «Той жұғысты болсын!», «Алла ұзақ ғұмыр берсін!» деген тілектер жазылды.

Тэгтер:

#Той #Қуанышты хабар #Мақпал Жүнісова