«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының басшысы - Н.Наурызбаев, фото - parlam.kz
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының басшысы - Н.Наурызбаев, фото - parlam.kz

Бүгін Сенатта «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының басшылығымен кездесу болып, зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер талқыланған. Жиын барысында сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы зейнетақы қорының басшысы Нұрбибі Наурызбаева: “жыл сайын кеңсе жалдауға екі миллиардқа жуық қаражат жұмсайтынын айтып, сонша ақша жұмсағаннан гөрі кеңсені сатып алған тиімді емес пе?” деп сауал тастаған. Н.Наурызбаеваның айтқан уәжіне қарасақ, зейнетақы қорының әр бөлімшесіне кеңсе сатып алу тиімсіз көрінеді.

– Қорда қазір 1987 адам жұмыс істейді. Оның 480 адам орталық кеңселерде, 1500 жуығы аймақтардағы бөлімшелерде. Кеңсе жалдауға біз аз ақа жұмсамаймыз. Жарты жылдықтың өзіне 588 миллион теңге кетті. Әр бөлімшеге кеңсе сатып алу тиімсіз. Біз кеңсені сатып алсақ қанша шығатытын, жалдасақ қанша болатын есептедік, – деді Н.Наурызбаева.

Қор басшысының дерегіне сенсек, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнетақы жинағының көлемі 8,4 трлн теңгеге жеткен. Оның 63 пайызы салынған жарналардың есебінен, ал 37 пайызы инвестициялық табыс есебінен түскен.