Димаш Құдайберген Aqerke клипіне қатысты үн қатты

Бүгін, 08:48 / Алуа Әшірбекова
Сурет: Ulysmedia.kz

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жаңа Aqerke клипіне қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz, turkystan_kz-ке сілтеме қалдыра отырып.

31 шілдеде жарық көрген бейнебаян желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Көпшілік клипке оң бағасын бергенімен, кейбірі әншінің авторлық репертуарының аздығын, продюсерлік жұмысты және опералық вокалға жиі жүгінетінін сынға алған.

Димаштың айтуынша, Aqerke халық әнінің жаңа нұсқасы қазақ музыкасы мен мәдениетін шетелдік тыңдармандарға кеңінен таныстыру мақсатында заманауи стильде орындалған.

«Мен халық әнін өзгертуді мақсат еткен жоқпын. Оны әртүрлі елдердің тыңдармандарына жақынырақ әрі түсініктірек ету үшін заманауи үлгіде ұсынғым келді. Мен бір күндік хиттердің соңынан қуған емеспін», - деді әнші.

Оның сөзінше, жобаның негізгі мақсаты - қазақтың дәстүрлі музыкасын халықаралық аудиторияға жаңа форматта жеткізу.

Тэгтер:

#Димаш Құдайберген #Әнші #Хит #Үн #халық әні