Семей қаласында салынып жатқан жаңа спорт кешенінің аумағынан адам сүйектері табылды, деп хабарлайды Arasha.kz, sn.kz_media-ға сілтеме қалдырып.
Алдын ала мәліметке сәйкес, адам қалдықтары бұрынғы «Пищевик» стадионы орналасқан аумақта жер қазу жұмыстары кезінде жер бетіне шыққан. Оқиғаны байқаған жергілікті тұрғын бірден құқық қорғау органдарына хабар берген.
Оқиғадан кейін жергілікті әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері табылған сүйектерді криминалистикалық сараптамаға жіберді.
Қазір мамандар адамның сүйек қалдықтарының шығу тегі мен олардың қанша уақыт бұрын жерленгенін анықтап жатыр. Құрылыс жұмыстары сараптама қорытындысы шыққаннан кейін ғана қайта жалғасуы мүмкін.
Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.