Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова мен актер Азамат Сатыбалдының әлеуметтік желіде жарияланған жаңа видеосы көптің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бейнеде өнер иелері романтикалық әуеннің ырғағымен вальс билеп, көрерменнің назарын аударған. Кейін белгілі болғандай, бұл видео олардың алдағы «Сен & Мен» спектаклінің жарнамасы аясында түсірілген. Қойылымның премьерасы алдағы күндері өтпек.
Алайда желі қолданушылары қойылымнан бұрын актерлердің сахналық үйлесімін талқылауға көшкен. Пікір қалдырушылардың басым бөлігі Жұлдыз бен Азаматтың бір-біріне өте жарасымды көрінетінін жазған.
Желіде:
«Ешкім ренжімесін, бірақ Жұлдызға осындай жігіт жарасып-ақ тұр»,
«Осындай жігіт жарасады. Менің пікірім»,
деген пікірлер көптеп жазылса, кейбір оқырмандар мұндай салыстырудың орынсыз екенін айтып, актердің жұбайы болудың оңай емес екенін еске салған.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова мен Азамат Сатыбалды жақын арада көрерменге жол тартатын «Сен & Мен» драмасында басты рөлдерді сомдайды.