Жантүршігерлік жарылыстан 14 адам қаза тапты

Бүгін, 14:43 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған жарылыстан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарылғыш затты полиция бөлімшесі жанында жанкешті-лаңкес іске қосқан. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, ол ғимараттың аумағына енгісі келген, алайда полиция жолын бөгеген. 

Қаза тапқандардың арасында полиция қызметкерлерімен қоса бейбіт тұрғындар да бар. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы уақытта Пәкістанның шекаралас аудандарында әскерилер мен полицияға қарсы шабуылдар жиілеп кеткен. Ел үкіметі Ауғанстан тәліптерін содырларға көмек көрсетті деп айыптап отыр. Алайда «Талибан» мұны жоққа шығарып келеді.

Тэгтер:

қылмыс жарылыс жаза Пәкістан