Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шілде айындағы ең резонансты фейктерге шолу жариялады

Бүгін, 17:36 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпараттық кеңістікте шілде айында таралған жалған ақпараттарды жоққа шығару бойынша кезекті шолуын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шолуға қаржы, әлеуметтік саясат, қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты қоғамда кеңінен талқыланған жалған ақпараттар енгізілді.

Орталықтың мәліметінше, мұндай хабарламалардың басым бөлігі фактілерді бұрмалау, ұғымдарды алмастыру және ақпаратты эмоциялық тұрғыдан ұсыну тәсілдеріне негізделген. Әрбір жағдай бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелері және қолданылған манипуляциялық әдістердің талдауы ұсынылған.

Тэгтер:

ақпарат алаяқ жалған Шолу