Қазақстандықтардың кешіктірілген төлемдері енді несие тарихынан өшірілуі мүмкін

Бүгін, 18:39 / Ахмет Қанатұлы
Көрнекі фото: magnific.com

Қазақстанда ломбардтан микрокредит алған кейбір азаматтардың кредиттік есебінен төлемді кешіктіруге қатысты мәліметтерді алып тастау ұсынылды. Жаңа талаптар автокөлік немесе басқа да жеке жылжымалы мүлік кепілімен берілген қарыздарға қатысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік бюролар ұсынатын есептерге өзгеріс енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірледі.

Құжат қабылданған жағдайда ломбардтан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қойып микрокредит алған адамның кредиттік есебінде:

Алайда бұл қарыз толық кешіріледі немесе кредиттік тарих түгелдей тазартылады дегенді білдірмейді. Қарыз алушы берешегін толық өтеп, микрокредит шарты жабылғанға дейін қарыз кредиттік есепте «қолданыстағы» мәртебесімен көрсетіледі.

Жоба мәтініне сәйкес, кредиттік бюро ломбард берген мұндай микрокредит бойынша міндеттеме толық орындалғанға дейін оның белсенді екенін көрсетуге тиіс.

Осылайша ұсынылып отырған өзгеріс азаматтың берешегін жоймайды, тек кредиттік есепте кешіктіруге қатысты кейбір егжей-тегжейлі мәліметтердің көрсетілу тәртібін өзгертеді.

Айта кетейік, төлемдерді уақытында жасамау кредиттік тарихқа кері әсер етіп, кейін банк немесе микроқаржы ұйымынан жаңа қарыз алу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін. Қаржы ұйымдары кредит беру кезінде клиенттің бұрынғы және қазіргі міндеттемелері туралы кредиттік есепті қарайды.

Сонымен қатар кредиттік есепте азаматтың банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту белгісі көрсетіледі. Қаржы реттеушісі мұндай ақпараттың кредиттік бюролар арқылы нақты уақыт режимінде берілетінін бұған дейін хабарлаған.

Қаулы жобасы қабылданып, ресми жарияланғаннан кейін белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

Тэгтер:

ЛОМБАРД төлем несие тарихы