Астанада нөсер, Атырау мен Қызылордада +37 градус: 5 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:02 / Ахмет Қанатұлы
Көрнекі фото: shutterstock.com

5 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен орталықта жел күшейсе, оңтүстік және батыс аймақтарда аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның салдарынан кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.

Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы

Астанада күн бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +16...+18, күндіз +23...+25 градус болады.

Алматыда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +17...+19, күндіз +27...+29 градус күтіледі.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Жел секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +19...+21, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлердегі болжам

Ақтауда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлты ауа райы болады. Түнде +22...+24, күндіз +30...+32 градус күтіледі.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус шамасында болады.

Атырауда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Соған қарамастан күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +35...+37 градусқа жетеді. Түнде +20...+22 градус болады.

Оралда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус болжанып отыр.

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық болады

Қызылордада күн жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +19...+21, күндіз +35...+37 градусқа дейін көтеріледі.

Таразда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус күтіледі.

Түркістанда күн құрғақ әрі ыстық болады. Түнде ауа температурасы +19...+21, күндіз +32...+34 градус шамасында болады.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус болады.

Солтүстік және орталықта жаңбыр жауады

Көкшетауда жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +17...+19, күндіз +26...+28 градус күтіледі.

Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +16...+18, күндіз +23...+25 градус болады.

Қостанайда жауын-шашын болмайды. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +15...+17, күндіз +27...+29 градус болжанады.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +17...+19, күндіз +25...+27 градус болады.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус күтіледі.

Шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус болады.

Семейде де жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус күтіледі.

Талдықорғанда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Түнде +17...+19, күндіз +28...+30 градус болады.

Қонаевта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +18...+20, күндіз +28...+30 градус шамасында болады.

Синоптиктер тұрғындарға найзағай мен екпінді жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды, ал аптап ыстық болатын өңірлерде күн астында ұзақ жүрмеуді ұсынады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы