Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 102 адам суға кетті

Бүгін, 15:48 / Ахмет Қанатұлы
unsplash.com

Қазақстанда 1 маусымнан бері 102 адам суға батып қаза тапты. Қайтыс болғандардың 34-і – кәмелетке толмаған балалар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство дерегінше, өткен жылдың осы кезеңінде су айдындарында 88 адам көз жұмған. Олардың арасында 28 бала болған.

Министрлік суға бату оқиғаларының басым бөлігі арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда тіркелетінін мәлімдеді. Мұндай аймақтардағы өлім жағдайлары жалпы көрсеткіштің 85 пайызын құрайды.

Қауіпті су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және еріктілер бірлесіп, 39 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізген.

Тексеру барысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 1 995 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 26 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзетілмейтін су айдындарына ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің 233 мобильді құтқару тобы қосымша орналастырылды.

Сонымен қатар еліміз бойынша 52 құтқару станциясы жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды тек шомылуға рұқсат етілген орындарда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Тэгтер:

су