2026-2027 оқу жылында оқушылар қалай демалады?

Бүгін, 18:00 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

I тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

II тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

III тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.

 IV  тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

 1-сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған. 

Тэгтер:

мектеп сабақ оқу