Өртенген полицейдің отбасылық құпиясы ашылды (ВИДЕО)

Бүгін, 10:41 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, оны жұбайы өртеп жіберді деген күдік қарастырылуда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осы уақытқа дейін оқиғаға қатысты марқұмның туыстарының ұстанымы кеңінен таралған болса, енді күдікті әйелдің жақындары алғаш рет пікір білдірді. Олар оқиғаның өздеріне белгілі тұстарын айтып, осы уақытқа дейін көпшілікке жарияланбаған жайттарды жеткізген. Әйелдің сіңлісі Руслан Өтепбайға сұхбат берді.

«Ұлдарын таңға дейін ұрған. Әйелін де ұратын. Оны өзі видеоға түсіріп алатын болған. Оны әпкем айтты. Әпкем қанша кетіп қалса да, күйеуі келіп алып кететін. Білмеймін, қорқытады ма, не үшін кететінін түсінбейтінбіз», - деді келіншек. 

Күдіктінің туыстары істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттелуі қажет екенін айтып, қоғамды біржақты қорытынды жасауға асықпауға шақырды. Тергеу жалғасып жатыр, ал істің нақты мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Тэгтер:

алматы полиция өрт әйел