БЖБ мен ТЖБ алынып тастала ма: Қазақстанда бастауыш сыныптағы бағалау жүйесін қалай өзгертпек?

Бүгін, 11:32 / Ахмет Қанатұлы
Мектеп. Көрнекі фото: pexels.com

Оқу-ағарту министрлігі кейбір сынып оқушыларының білімін тексерудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

"2-4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті бағалау, тақырыптық және қорытынды бақылау арқылы, ал 5-11 (12)-сыныптарда формативті және жиынтық бағалау, яғни БЖБ мен ТЖБ арқылы жүзеге асырылады", – делінген бұйрық жобасында.

Құжатта тоқсандық бағалар бағалау нәтижелері негізінде қойылатыны және бұл оқушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілген.

Бұйрық жобасы 21 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Тэгтер:

мектеп ТЖБ БЖБ