Мақпал Жүнісова 90-ға келген тыңдарманына ақшалай сыйлық берді (ВИДЕО)

Бүгін, 16:34 / Альфия Адамбек
Коллаж: видеодан кадр

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова Ақтөбеде өткен жеке концертінде 90 жасқа толған тыңдарманына 100 мың теңге сыйлап, көпшілікті тәнті етті. Бұл сәтті концерт кезінде залда отырған көрерменнің бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Концерт кезінде тыңдармандардың бірі әншіге жақындап, 90 жасқа толған анасын концертке ертіп келгенін айтты. Өнер иесі қарияны туған күнімен құттықтап, еш ойланбастан 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берді.

Әншінің жомарттығына тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, жылы лебіздерін білдірді.

«Жомарт десе, жомарт қой. Мақпал апай, аман болыңыз!», «Пейілі кең адам ғой», «Бұл кісі осындай жомарттығымен ерекше», «Не деген жомарттық, аман болыңыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

мақпал жүнісова әнші сый