Түркістандықтар жылқышы қарияға құлынды бие тарту етті (ВИДЕО)

Бүгін, 16:52 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Ақтөбеде 33 жыл жылқы бағып, 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталған, кейін рақымшылыққа іліккен жылқышы Рахат Сәрсеновке Түркістан азаматтары ерекше сый жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, түркістандықтар жылқышы қарияға құлынды бие тарту еткен. Осылайша, елдің қолдауына ие болған Рахат Сәрсеновке азаматтар құрметін білдіріп, қазақы дәстүрмен жылқы сыйлаған.

Рахат Сәрсенов бұған дейін ұзақ жыл бойы жылқы бағып келген. Ол 100 жылқы ұрлады деген айыппен сотталып, біраз уақыт қамауда болған. Кейін апелляциялық сот шешімімен ақталып, сот залынан босап шыққан. 

Жылқышының оқиғасы қоғамда кең талқыланып, оған жан-жақтан қолдау білдірген азаматтар көбейген. Бұған дейін кәсіпкерлердің оған және отбасына көмек көрсеткені, тіпті баспана сыйлағаны айтылды.

Тэгтер:

Ақтөбе жылқы Жылқышы бие