Рамзан Қадыровтың ұлына "Шешенстан Батыры" атағы берілді

Бүгін, 12:39 / Ахмет Қанатұлы
t.me/ARKadyrov

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат Қадыровқа «Шешенстан Батыры» атағы берілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ахмат Қадыров қазір Шешенстан Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары әрі дене шынықтыру және спорт министрі қызметін атқарады.

Тиісті өкімге 7 тамызда Шешенстан үкіметінің төрағасы Магомед Даудов қол қойған.

Даудов Telegram арнасында Ахмат Қадыровты жоғары атақ алуымен құттықтап, оның республика мен халық алдындағы еңбегін атап өтті.

Оның сөзінше, бұл марапат Ахмат Қадыровтың Шешенстанның дамуына қосқан үлесіне, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметіне берілген баға болып саналады.

«Менің қымбатты інім, Шешенстан Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары – дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Рамзанұлы Қадыровты жоғары атақ алуымен шын жүректен құттықтаймын», – деп жазды Магомед Даудов.

Ол Ахмат Қадыровтың спорт саласын дамытуға және республика мүддесіне қызмет етуге қосқан үлесі ерекше екенін атап өткен.

Тэгтер:

Рамзан Қадыров