9 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

Бүгін, 09:29 / Ахмет Қанатұлы
Термометр. Көрнекі фото: Ulrich Baumgarten via Getty Images

9 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі ыстық ауа райы сақталады. Кей өңірлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +37...+39°C.

Ақтауда аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +24...+26°C, күндіз +34...+36°C.

Ақтөбеде жауын-шашын болмайды. Жел 6-11 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.

Атырауда күн ашық болады. Түнде жел 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +40...+41°C-қа дейін көтеріледі.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз аптап ыстық болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Қарағандыда жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.

Көкшетауда күндіз қатты ыстық болады. Жел түнде 4-9 м/с, күндіз 9-14 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Қонаевта жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, күндіз қатты ыстық. Жел 5-10 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +34...+36°C.

Қызылордада күн ашық әрі аптап ыстық болады. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +24...+26°C, күндіз +40...+42°C.

Павлодарда жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +31...+33°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.

Семейде жауын-шашын болмайды. Жел 4-9 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +29...+31°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 14 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +13...+15°C, күндіз +34...+36°C.

Таразда жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +20...+22°C, күндіз +36...+38°C.

Түркістанда күндіз аптап ыстық сақталады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +25...+27°C, күндіз +38...+40°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, түнде тұман түседі. Жел 4-9 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +29...+31°C.

9 тамызда ең жоғары температура Қызылорда мен Атырауда тіркелуі мүмкін. Қызылордада сынап бағаны +42°C-қа дейін көтерілсе, Атырауда +41°C-қа дейін ысиды.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 9 тамыз