10 тамызда Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін, 09:05 / Ахмет Қанатұлы
Көрнекі фото: shutterstock.com

10 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің бірқатар аймағында аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде ауа температурасы +43°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және жоғары өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлытау облысында күндіз +35...+38°C ыстық болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда ауа температурасы +36...+38°C-қа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында күндіз +35...+38°C қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше, батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз +35°C болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +35...+37°C болады. Талдықорғанда да +35...+37°C ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз +35...+38°C ыстық болады. Ақтөбеде +36...+38°C күтіледі.

Алматыда күндіз +35°C қатты ыстық болады. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кешке нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі.

Алматы облысында да таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Күндіз +35...+38°C ыстық болады. Қонаевта +35...+37°C күтіледі.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің бірқатар бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз +40...+41°C аптап ыстық болады. Таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында күндіз +40°C күтіледі.

Атырау облысында күндіз +36...+39°C ыстық болады. Кей аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі. Атырауда ауа температурасы +37...+39°C-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз +35°C ыстық болады. Солтүстікте желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Астанада күндіз ауа температурасы +35°C болады.

Абай облысында күндіз +35...+38°C қатты ыстық күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысында күндіз +35...+38°C ыстық болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Павлодарда +35...+37°C күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз +35...+37°C аптап ыстық болады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысында ауа температурасы +38...+40°C-қа дейін көтеріледі. Таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таразда күндіз +38°C болады.

Қостанай облысында күндіз +35...+37°C ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында ең жоғары температура тіркеледі. Күндіз ауа температурасы +40...+43°C-қа дейін көтеріледі. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында +40...+41°C болады.

Ақмола облысында күндіз +35...+38°C аптап ыстық күтіледі. Кей аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда +36...+38°C болады.

Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстықта сақтық шараларын сақтап, ашық от пайдаланбауға және өрт қауіпсіздігі талаптарына ерекше мән беруге кеңес береді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 10 тамыз