Ресейлік стример Қазақстанды Пәкістанмен салыстырды (ВИДЕО)

Бүгін, 13:30 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Қазір Қазақстанда жүрген ресейлік стример Ксения Гузаеваның тікелей эфир кезінде айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz OtkirSoz парақшасына сілтеме жасап.

Тікелей эфир барысында стример «Алиса» дауыстық көмекшісіне Қазақстан мен Пәкістанның IQ көрсеткіштерін салыстыруға қатысты сұрақ қойған.

Дауыстық көмекші келтірген мәліметте Пәкістанның көрсеткіші Қазақстаннан сәл жоғары екені айтылған. Бұған Ксения Гузаева:

«Мен бұған мүлде күмәнданған жоқпын», - деп жауап берген.

Оның осы сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірге себеп болды. Кейбір оқырмандар стримердің сөзін Қазақстанды кемсіту ретінде қабылдап, сынға алса, енді бірі мұны жай ғана эфир кезінде айтылған пікір деп бағалаған.

Айта кетейік, видеода келтірілген IQ көрсеткіштерінің қай дереккөзден алынғаны көрсетілмеген. Сондықтан ондағы сандарды ресми немесе ғылыми тұрғыдан расталған мәлімет ретінде қабылдауға болмайды.

Тэгтер:

# Қазақстан # ресейлік стрим # тікелей эфир #Пәкістан