Заңғар Нұртастың жарын үй қызметшісі тонап кетті

Бүгін, 14:22 / Альфия Адамбек
Коллаж: видеодан кадр

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова үйіне жұмысқа алған қызметшіге қатысты күтпеген жағдайды айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Индираның айтуынша, үй қызметшісі арнайы агенттік арқылы жұмысқа орналасқан. Алайда арада біраз уақыт өткен соң әйел ешкімге ескертпестен үйден кетіп қалған.

Оның сөзінше, қызметші үйді жинап қана қоймай, үйдегі ақша мен кейбір заттарды да өзімен бірге алып кеткен. Кейін оның жеке құжаттары үйден табылған.

Оқиғадан кейін Индира Мауленова әлеуметтік желідегі оқырмандарына үйге қызметші аларда сақтық танытып, адамды мұқият тексеруге кеңес берді.

Тэгтер:

отбасы қайрат нұртас келіншек