Той үстінде уағыз айтып, кейін жауапкершілікке тартылған қарияға қатысты танымал имам пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Имамның айтуынша, қарияның әрекетіне біржақты баға беріп, оны жаппай сынау дұрыс емес. Ол ақсақалдың айтқан сөздерінің астарында белгілі бір мән жатқанын атап өтті.
Бұған дейін тойда көпшілікке уағыз айтқан қарияның әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Кейін оның жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.
Оқиға қоғам пікірін екіге бөлді. Бірі той үстінде мұндай уағыз айтуды орынсыз деп санаса, енді бірі қарияның сөзінен теріс әрекет көрмейтінін айтып, оны қолдаған.