Әлеуметтік желіде дәрігерлердің баланың сынған аяғының орнына сау аяғына гипс салғаны туралы видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz, sadaqmedia-ға сілтеме қалдырып.
Видео авторының айтуынша, баласының аяғы сынып, медициналық мекемеге жүгінген. Алайда кейін гипстің жарақат алған аяққа емес, екінші аяғына салынғанын байқаған.
Видео тарағаннан кейін желі қолданушылары медициналық қызметтің сапасына қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі мұндай қателікке жол беруге болмайтынын айтса, енді бірі оқиғаның мән-жайын анықтап, медициналық мекеменің ресми түсініктемесін күтуді ұсынған.
Әзірге оқиғаға қатысты медициналық мекеменің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.