Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Бүгін, 10:14 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, 7-еуі жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде оқиға орнынан видеолар тарады. Жол апаты 10 тамызда Астана–Петропавл автожолында болған. Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысқан.

Салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. 

Осы көліктегі тағы алты жолаушы мен ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Тэгтер:

ақмола апат Облыс