Ене мен келіннің ойыны 33 миллион қаралым жинап, желіні күлкіге қарық қылды

Бүгін, 10:45 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұратын Раушан Кәрібаеваның енесімен бірге түсірген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, 33 миллионға жуық қаралым жинаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

35 жастағы Раушан Instagram желісінде отбасылық өмірінен түрлі видеолар жариялап, блог жүргізеді. Оның түсірілімдеріне күйеуі, екі баласы және енесі де жиі қатысады.

Кезекті видеода ене мен келін майшамды кім бірінші сөндіретінін анықтау үшін жарысқан. Алайда ойын барысында күтпеген жағдай болып, енесінің тіс протезі аузынан шығып кеткен.

Кадрға түсіп қалған осы сәт желі қолданушыларын күлкіге қарық қылып, видео қысқа уақыт ішінде миллиондаған қаралым жинаған.

Раушанның айтуынша, ол роликтің шамамен бір миллион қаралым жинайтынын күткен. Алайда нәтиже одан бірнеше есе асып, видеоны 33 миллионға жуық адам тамашалаған.

Желі қолданушылары ене мен келіннің шынайы әрі еркін қарым-қатынасына тәнті болып, олардың бір-біріне деген сыйластығы мен әзіл-қалжыңын жоғары бағалаған.

Тэгтер:

видео ене келін