Қазақстандық жас жұбайлар 210 мың теңгеге той жасап, көпшілікті таңғалдырды

Бүгін, 13:01 / Альфия Адамбек
Коллаж: видеодан кадр

Қазақстандық жас жұбайлардың небәрі 210 мың теңгеге той жасағаны әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жас жұбайлар үйлену тойына жұмсалған қаражатты ашық айтып, әр шығынын көрсеткен. Олардың айтуынша, 50 қонаққа арналған неке қию рәсімі мен фуршетке 125 мың теңгежұмсалған.

Қалған шығындары:

той көйлегі – 19 мың теңге;

күйеу жігіттің костюмі – 13 мың теңге;

неке қию рәсімі – 20 мың теңге;

тірі гүлдер – 4 мың теңге;

қалыңдықтың шаш үлгісі – 9 мың теңге;

фотограф қызметі – 20 мың теңге.

Осылайша, жас жұбайлардың тойға кеткен жалпы шығыны 210 мың теңгені құраған.

Қалыңдықтың сөзінше, той көйлегі мен күйеу жігіттің костюмін қытайлық интернет-дүкеннен тапсырыс берген. Ал макияжын өзі жасаған.

Жас жұбайлар салтанатты шараны барынша қарапайым әрі үнемді өткізуді жөн көрген. Олардың бұл шешімі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, тойға көп қаражат жұмсамай-ақ, есте қаларлық мереке жасауға болатыны туралы пікірталас тудырды.

Тэгтер:

той шығын қалыңдық