Автобуста жас қыз жолаушының қабағын жарды: Зейнеткер қызды сотқа берді (ВИДЕО)

Бүгін, 13:11 / Альфия Адамбек
Коллаж: ult.kz

Бішкекте қоғамдық көлікте зейнеткер әйел мен жас қыз арасында жанжал болып, соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Зейнеткердің айтуынша, ол автобуста қыздан егде жастағы жолаушыға орын беруін сұраған. Қыз орнын берген. Кейін зейнеткер басқа бос орынға отырған.

Бірнеше аялдамадан соң қыз оған келіп, не себепті орын беруді талап еткенін сұраған. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан.

Зейнеткер төбелестен кейін басы айналып, жүрегі айнып жүргенін, сондай-ақ миы шайқалып, денесінде гематома пайда болғанын айтқан.

Полиция бұл факті бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның өзге де мән-жайлары кейін белгілі болады.

Тэгтер:

автобус бішкек соққы