Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан ақын Жүрсін Ерман мен әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесі Жүрсін Ерманның қазақ мәдениеті мен ұлттық өнеріне сіңірген еңбегін атап өтіп, жұртты оқиғаның мән-жайын толық білмей тұрып асығыс пікір айтпауға шақырды.
"Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?" – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Тұрсынбек Қабатов осылайша Жүрсін Ерманға қолдау білдіріп, қоғамды үлкен буын өкілдеріне құрметпен қарауға үндеді.