«Тұсауын Гүлзира әжесі кесуі керек еді»: Қайрат Нұртастың қызының тұсаукесері талқыға түсті

Бүгін, 12:54 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ көмегімен өңделген

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Рәбия-Сұлтанның тұсаукесері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп, деп хабарлайды Arasha.kzParyz.kz-ке сілтеме жасап.

Кішкентай Рәбия-Сұлтанның тұсауын белгілі журналист Динара Сәтжан кескен.

«Осыдан бірнеше ай бұрын Жұлдыз менен Рәбия-Сұлтанның тұсауын кесуімді өтінген еді. Бұл мен үшін әдемі дәстүр ғана емес, абырой, сенім деп қабылдадым»,  - деп жазды Динара Сәтжан.

Журналист Рәбия-Сұлтанның Нұртас әулетіне қуаныш пен жылылық алып келгенін атап өтті. Сондай-ақ Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың балаларын тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталды.

«Қайрат пен Жұлдыздың балалары көз алдымызда өсіп келеді. Барлығы өнерлі, тәрбиелі, білімді. Мұның артында ата-ананың ғана емес, бүкіл жеті атаның қаны мен жаны тұр. Ата-әженің көрегендігі мен құндылығы балаларға да мирас болып жалғаса бермек», - деді ол.

Динара Сәтжан Жұлдыз Әбдікәрімова туралы да жылы пікір білдіріп, оның қыздарына Рәбия-Сұлтан есімін қою себебін бұрын берген сұхбатында айтқанын еске алды.

Тұсаукесерден кейін желі қолданушылары кішкентай Рәбия-Сұлтанға ақ тілектерін жаудырды. Алайда көпшілік арасында сәбидің тұсауын кім кескеніне қатысты түрлі пікір айтылды.

Кейбір желі қолданушылары қазақы дәстүр бойынша немересінің тұсауын әжесі Гүлзира Айдарбекова кесуі керек еді деген пікір білдірген. Ал енді бірі тұсауды баланың ата-анасы өзі таңдаған, жолы мен өмірі өнеге болатын адамға кестіру қалыпты жағдай екенін жазды.

Осылайша, Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызының тұсаукесері желіде қызу пікірталас тудырды.

Тэгтер:

#Динара Сәтжан #Қайрат Нұртас #Жұлдыз #тұсау кесер