«Айыпты мойындамаймын»: Баян Алагөзова сотта жеңді

Бүгін, 13:39 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Емші Бағдагүл Лепесоваға қатысты іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, ол ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі («Жала жабу») бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Arasha.kz, Ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Сот Бағдагүл Лепесоваға 1 557 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Іс продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанның арызы негізінде қозғалған.

Сараптама қорытындысында әлеуметтік желіде тараған бейнематериалда жала жабу белгілері бар екені көрсетілген.

Алайда Бағдагүл Лепесова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтып, даулы видеоны өзі жарияламағанын мәлімдеді. Оның қорғаушысы әлеуметтік желідегі жазбалар монтаж немесе жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін алға тартып, сараптама қорытындысына қарсылық білдірген.

Баян Алагөзова өзіне жала жабылғанын айтып, кешірім мен медиациядан бас тартқан.

Сонымен қатар Бағдагүл Лепесоваға қатысты Астанада Қылмыстық кодекстің «Қорлау» бабы бойынша бөлек қылмыстық іс қаралып жатыр.

Тэгтер:

#Сот #Бағдагүл #Баян Алагузова #Динара Сатжан #айып