Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты сәтті бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге шаңырағынан алып кеткен. Осы сәтте үлкендер ақ батасын берген.
"Ақерке қызымызды шаңырағынан Бекдәулет ата-анасымен келіп алып кетті. Анамыз бата берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді, баршамызға жұғысты болсын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әнші қуанышты сәттен кадрлар жариялап, жас жұбайларға бақыт пен береке тіледі.