Өмірқұл Айниязов 21 жыл бойы перзент күткенін айтты

Бүгін, 15:12 / Альфия Адамбек
Коллаж: omirkul_ainiyazov

Әнші Өмірқұл Айниязов отбасындағы қиын кезеңдері мен ұзақ жылдар бойы перзент сүйе алмағаны туралы ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ерлі-зайыптылар екінші баласын ұзақ уақыт күткен. Осы кезеңде ол басқа әйел алу туралы да ойланғанын, алайда туған баласын қимай, бұл қадамға бармағанын жеткізді.

Әншінің айтуынша, кейінгі екі баласы ЭКО арқылы дүниеге келген. Ол бұл туралы жасырудың қажеті жоқ екенін айтып, бала сүйе алмай жүрген отбасыларды мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды.

«Кенже ұлымыз ЭКО-мен дүниеге келді. Жасырудың қажеті жоқ, кейінгі екі баламыз да ЭКО арқылы өмірге келді. 2013 жылдан бастап айналысып, 2021 жылы ғана балалы болдық. Сондықтан мұндай мәселесі бар адамдар қазақылыққа салынып, елден ұялып отырмай, уақыт созбай мамандарға ертерек жүгінгені дұрыс», – деді Өмірқұл Айниязов.

Әнші мұндай жағдайды бастан өткеріп жүрген отбасылар үшін уақытты жоғалтпай, тиісті мамандарға қаралу маңызды екенін атап өтті.

Тэгтер:

бала отбасы Өмірқұл Айниязов