Қазақстанды «штрафстан» деген ресейлік стример елден шығарылды (ВИДЕО)

Бүгін, 15:56 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Ресейлік стример Fasoollka Қазақстанға қатысты қорлайтын және арандатушылық сипаттағы мәлімдемелері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arasha.kz, Kazakhstan Aqparat-қа сілтеме жасап.

Полиция стримердің әлеуметтік желідегі тікелей эфирлерін мониторинг барысында анықтаған. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.

Сонымен қатар ресейлік стримерді Қазақстаннан шығару туралы шешім қабылданып, оның елге қайта кіруіне 5 жылға тыйым салынды.

Бұған дейін Fasoollka «Павлодар -  Ресейдің жері» деген мазмұнда мәлімдеме жасап, қазақтарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан еді.

Тэгтер:

#Ресейлік стример #Fasoollka #Қазақстанға қатысты #арандатушылық # Қазақстаннан шығару туралы шешім