«Әкесін жаңа көрді ме?»: Мөлдір Әуелбекова сынға қалды (ВИДЕО)

Бүгін, 16:39 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне көрсеткен ерекше ықыласы үшін әлеуметтік желіде сынға қалды, деп хабарлайды Arasha.kz, News.qaz-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші көпшіліктің ортасында әкесін құшақтап, мойнына асылып амандасқан. Алайда бұл сәт желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Кейбір оқырмандар әншінің әрекетін ерсі санап, көпшілік ортада әкесінің мойнына асылғанын сынаған.

«Қанша жерден әкесі болса да ерсі», «Әкесін жаңа көрді ме?» – деп жазды желі қолданушылары.

Сонымен қатар әншіні қолдап, әкеге деген махаббат пен сағынышты көрсетудің еш әбестігі жоқ екенін айтқандар да табылды.
 

Тэгтер:

#Мөлдір Әуелбекова #Танымал әнші #ерекше ықыласы #сынға қалды