«Дива оралды»: Кәмшат Жолдыбаева сахнаға қайта оралды

Бүгін, 17:24 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Ұзақ үзілістен кейін әнші Кәмшат Жолдыбаева шығармашылығына қайта оралып, тыңдармандарын қуантты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әніне түсірілген бейнебаянның шағын үзіндісін жариялады. Кадрларда Кәмшат Жолдыбаева бишілермен бірге өнер көрсетіп, көпшілікке бұрыннан таныс сахналық образын паш еткен.

«Жаңа әнімнің кішкентай ғана үзіндісімен ең бірінші сіздермен бөлісейін! Ал мына биді қайталаған ең әдемі видео иесіне сыйлық тарту етемін», - деп жазды әнші.

Кәмшаттың сахнаға қайта оралуын желі қолданушылары ерекше ықыласпен қабылдаған. Пікірлер арасында «Босатыңдар сахнаны, дива оралды», «Сындым», «Харизма деген ұрып тұр, отыңыз сөнбесін» деген жылы лебіздер көп.

Айта кетейік, әнші тұрмысқа шығып, ана атанғаннан кейін сахнадан біраз уақыт көрінбей кеткен еді. Осы тұста әлеуметтік желіде оның шығармашылық үзілісіне күйеуі Ғазрет Қажымұқанұлының қатысы болуы мүмкін деген түрлі болжамдар да айтылған.

Алайда кейінгі кадрлардан әншінің жұбайы оның шығармашылығына қарсы емес екенін байқауға болады. Керісінше, Ғазрет Қажымұқанұлы Кәмшаттың жанынан табылып, жаңа туындысына қолдау көрсетіп жүр.

Енді көпшілік ұзақ үзілістен кейін оралған әншіден жаңа әндер мен сахналық жобалар күтуде.

Тэгтер:

#Ғазрет Қажымұқанұлы # Кәмшат Жолдыбаева #әншінің жұбайы #шығармашылығына қайта оралып #Ұзақ үзілістен кейін