Қытайдан Қазақстанға көшіп келушілер күрт көбейді

Бүгін, 18:33 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келушілердің жалпы саны шамамен үштен бірге азайған. Алайда осы көрсеткіштің төмендеуіне қарамастан, Қытайдан қоныс аударушылар саны айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Arasha.kz, Astana NewTimes-ке сілтеме жасап.

Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келушілер арасында Өзбекстан әлі де көш бастап тұр. Бұл елден Қазақстанға 2,9 мың адам келген. Дегенмен былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш екі есеге жуық төмендеген.

Ал Қытайдан қоныс аударғандар саны, керісінше, күрт артқан. Бір жыл ішінде көрсеткіш 42,3%-ға өсіп, 1,7 мың адамға жеткен.

Сонымен қатар Германиядан көшіп келушілер саны 0,7%-ға, Түркиядан келгендер 2,4%-ға артқан.

Ал Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударушылар саны 1,7 есе, Түрікменстан мен Әзербайжаннан келгендер 1,6 есе азайған.

Ресейден көшіп келгендер саны 26,2%-ға, Тәжікстаннан - 25,5%-ға, Қырғызстаннан қоныс аударғандар саны 4,6%-ға төмендеген.

Тэгтер:

#Қазақстан #көшіп келушілердің саны #Қытай #қоныс аударғандар