Танымал блогер әрі тележүргізуші Диана Скатова сүйіктісі Сұлтанмен бірге өтетін үйлену тойын онлайн тікелей эфирде көрсетпек, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жұптың үйлену тойы 30 тамызда өтеді. Алайда тойдың тікелей эфирін көру тегін болмайды.
Онлайн көрсетілімнің құны - 990 теңге. Тойды тамашалағысы келген көрермен алдымен арнайы Telegram-бот арқылы төлем жасап, түбіртекті модераторға жіберуі керек. Төлем расталғаннан кейін ғана жабық Telegram-арнаға кіруге арналған сілтеме беріледі.
Осылайша, Диана Скатова мен Сұлтан өмірлеріндегі ерекше күнді желідегі оқырмандарымен де бөліспек.
Айта кетейік, бұған дейін Диана Скатованың ұзату тойынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударған.