«Екі орайым бар»: Еркеш Хасен екі рет үйленуінің себебін айтты

Бүгін, 11:35 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz, Qazaq Today-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі шаш үлгісі туралы айта отырып, екі рет үйленуінің себебін әзілмен түсіндірген.

«Менің негізі шашым әдемі ыңғайлана қалады. Бірақ шашымда екі орай бар. Соған қарағанда мына орайдың әңгімесі шын сияқты ғой. Кімде неше орай бар?», – деді ол.

Қазақ арасында адамның басында екі орай болса, екі рет үйленеді деген әзіл-шыны аралас түсінік бар. Әнші де осыған меңзеп, өзінің жеке өмірін мысалға келтірген.

Айта кетейік, Еркеш Хасен бұған дейін бірінші әйелімен ажырасып, кейін екінші рет шаңырақ көтерген болатын.

Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірге ұласты.

Тэгтер:

#Еркеш Хасен #үйлену #орай