«9 жасымда 3 сиыр сауғанмын»: Айнұр Тұрсынбаева өткенін еске алды

Бүгін, 17:51 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Коуч әрі ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше видео жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kzOzgeris.info-ға сілтеме жасап.

Видеода Айнұр Тұрсынбаева сиыр сауып, бала күнінде үйренген ісін әлі де ұмытпағанын көрсетті. Ол кезінде небәрі 9 жасында үш сиыр сауғанын айтып, өткенін еске алды.

«9 жасымда 3 сиыр сауғанмын десем сенесіздер ме? 40 жылдан кейін сауып тұрмын, ұмытпаппын… Айтпақшы, қарағандылықтар ретритке жазылдыңыздар ма? Толық трансформациядан өтесіздер бұйырса…», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Желі қолданушылары оның видеосына түрлі пікір қалдырды. Бірі ақынның ауыл тіршілігін ұмытпағанына сүйсінсе, енді бірі балалық шағында осындай еңбекке ерте араласқанын айтып, өз естеліктерімен бөлісті.

Айнұр Тұрсынбаеваның сиыр сауып отырған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Тэгтер:

#коуч #Айнұр Тұрсынбаева #сиыр сауды