Әлеуметтік желіде 14 жастағы жасөспірімнің сүндет тойы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желіде тараған видеоға қарағанда, бала ақбоз атқа мініп, тойға келген қонақтардың берген ақшасын жинаған.
Жасөспірімнің мұндай форматта сүндет той өткізуі кей қолданушылардың сынына себеп болды. Ал кейбір желі қолданушылары отбасының қуанышына құрметпен қарауға шақырды.
«Аман бол, бауырым! Негатив жазғандардың немерелері немесе ұлдары сенің жасыңа келгенде дәл осылай сүндет той көрсін. Алла тіл-көзден сақтасын! Қуаныш пен бақыттың ерте-кеші жоқ», – деп жазған авторлардың бірі.
Оқиғаға қатысты пікірлер әлеуметтік желіде екіге бөлінді. Бір тарап тойдың жасөспірімнің жасына сай емес екенін айтса, екінші тарап әр отбасының қуанышын өз қалауынша атап өтуге құқығы бар екенін алға тартты.