Қарағанды облысында алапат өрт шықты: Зардап шеккендер бар

Бүгін, 08:27 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысындағы Жаңатоған ауылының маңында ауқымды дала өрті шықты. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті ауыздықтауға қатты жел мен таулы жер бедері кедергі келтіруде. Осыған байланысты кейбір өрт ошақтарына жету қиындап, жалынның одан әрі таралу қаупі сақталып отыр.

Құтқарушылар өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнына ТЖД-ның қосымша күштері мен арнайы техникалары жіберілген. Сондай-ақ жедел штаб құрылды.

Қазіргі таңда жалынның елді мекен аумағына таралуына жол берілмеген. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт бірнеше қыстау мен қысқа дайындалған шөпті шарпыған.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, өртті сөндіруге қатысқан бір адамның денесінің шамамен 50 пайызы күйіп, ол ауруханаға жеткізілген. 

Тэгтер:

өрт Қарағанды Облыс жалын