17 тамызда Қазақстанда ауа райы құбылады: бұршақ, дауыл және жел күтіледі

Бүгін, 09:13 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" 17 тамызға еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, бірнеше облыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Кей аймақтарда аптап ыстық пен төтенше өрт қаупі де сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар елордада өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Ақмола облысында түнде шығыс бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда да күндіз жаңбыр мен найзағай болжанған.

Алматыда ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында да күндіз +35...+36 градус ыстық болады. Оңтүстік және таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болжанған. Қонаевта ауа температурасы +35 градус шамасында болады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының батысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Семейде де жаңбыр мен найзағай болжанған.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік пен шығыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде де жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай болжанған. Алакөл маңында жел кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Күндіз температура +35 градусқа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей аудандарда желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да күндіз бұршақ түсуі ықтимал.

Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз бұршақ пен дауыл болжанған.

Қостанай облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оралда да жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр және найзағай болжанған. Кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15 м/с шамасында болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 17 тамыз