"Анашым" әнін енді орындай алмаймын": Нұрлан Өнербаев себебін түсіндірді

Бүгін, 10:02 / Ахмет Қанатұлы
Нұрлан Өнербаев. Фото: instagram.com/onerbay_nurlan

Қазақстанның белгілі әншісі Нұрлан Өнербаев көпшілікке кеңінен таныс "Анашым" әнін бұдан былай концерттерінде орындай алмайтынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі бұл туралы "Таң Нұры" бағдарламасында сөз қозғап, шешімнің 2023 жылы ресми түрде қабылданғанын жеткізді.

Нұрлан Өнербаевтың айтуынша, ән авторының өтінішінен кейін туынды оның репертуарынан алынып тасталған.

"Автордың өз өтініші болды. Сол себепті бұл әнді енді концерттерімде орындамаймын. Кейде көрермен сұрағанда қысқаша айтып кететін кездерім болады, бірақ ресми түрде ән менің репертуарымнан алынды", – деді әнші.

"Анашым" әні ұзақ жылдар бойы Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы танымал туындылардың бірі болып келген. Сондықтан оның бұл мәлімдемесі тыңдармандар арасында ерекше назар аударды.

Тэгтер:

әнші Нұрлан Өнербаев