Жантүршігерлік апат: 53 адам ажал құшты

Бүгін, 11:39 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Индонезияның шығысында қуаты 7,7 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, Сикка және Маумере қалаларында ғимараттар мен үйлер құлаған. Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.

Табиғи апаттан кейін цунами 1 метрге дейін көтерілген. Алайда, толқыннан төнген қауіп көп кешікпей сейіліп, сақтық дабылы тоқтаған.

АҚШ-тың Геологиялық бақылау қызметінің мәліметінше, осы жолғы дүмпу эпицентрі Флорес аралында 10 шақырым тереңдікте анықталған.

Тэгтер:

халық апат марқұм