World Boxing президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының базасына енгізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазақстандық әйгілі боксшы, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» дерекқорына енгізілді.
«Миротворец» Головкинді Ресейге қолдау білдірді деп айыптаған.
Бұған World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастауы себеп болған. Енді Ресей боксшылары халықаралық жарыстарда ұлттық рәміздерімен өнер көрсете алады.