Балалар отырған көлік апатқа ұшырады: Бір бала көз жұмды

Бүгін, 16:47 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Павлодар–Астана тасжолында жол апаты болып, бір бала қаза тапты. Тағы үш бала мен екі ересек адам жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жол-көлік оқиғасы Қалқаман ауылының маңында болған. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары барған. Дәрігерлер бір қызды жедел жәрдем көлігінің ішінде құтқаруға тырысқанымен, алған жарақаты тым ауыр болған. Реанимациялық шаралар нәтиже бермей, бала көз жұмды.

2017 және 2015 жылы туған екі ұл облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 2010 жылы туған қыз тексеруден кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Ал ер адам мен әйел Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Қазір полиция жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Павлодар Астана апат