Жамбыл облысында көз жұмған келіншек жер қойнына тапсырылды

Бүгін, 18:40 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Жамбыл облысында өзіне қол жұмсады деп болжанып отырған келіншек жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайтыс болған әйелдің туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтуда.

Марқұмның жаназасына қатысқан журналист әлеуметтік желідегі жазбасында қайынжұртының жерлеуге келмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, марқұмның артында 8 айлық сәби қалған.

«Туыстары өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде марқұмның құрбысына қатысты түрлі пікірлер тараған. Алайда жаназаға қатысқан автор құрбысының марқұмның отбасына барынша көмектесіп жүргенін айтты.

Тэгтер:

жамбыл әйел Облыс марқұм